{metadescription}
Астана қаласын су басу қаупі жоқ
Астана қаласын су басу қаупі жоқ

Астана қаласын су басу қаупі жоқ

Астана қаласын су басу қаупі жоқ. Тасқынды болдырмау үшін елорда іргесіндегі Тайтөбе ауылында жағалауды биіктету, суды тез өткізу үшін көпір бұзу сияқты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Дала суы Тайтөбе ауылын баспасын деген жауаптылар жақын маңдағы көпірді бұзған. Енді ағын су әрі қарай еш кедергісіз кетіп жатыр.

Бір апта бұрын іргесін су басқан Тайтөбеде бүгін жағдай тұрақталғандай. Көпірді бұзған соң, судың беті қайта бастаған. Судың арғы бетінде елдімекендер жоқ. Екі демалыс базасы мен ұсақ қожалықтарда бір-екі адамнан қалған. 

Серік Кәрімов, шаруа:

Шаруа қожалығымда бір адам бар, соған, азық-түлік апарып беруім керек. Қайықпен апаратын шығармын немесе арғы жақта атпен өтуге болады.

Биыл Нұра өзені қауіп туатындай арнасынан асқан жоқ дейді жағасындағы Тайтөбе тұрғындары. Дегенмен суға жақын 20 шақты үйге жетпесін деп, жағалай құмнан бөгет жасап дайын отыр.

Ерлан Балабеков, Тайтөбе аулының тұрғыны:

Әр жаққа қарай қауіп жоқ. ең шетте салғандар көрініп тұр, соларға қауіп болмаса, мына шағынауданға, бірақ дамбы, бәрін салып қойды. Бізде әрі жақтың бәрі төмен, әрі жақты қазған, судың бәрі сол жаққа кетеді.

Ауылда тасқынға тосқауыл болатын жасанды бөгетті нығайту жұмыстары аяқталды. Әкімдік пен халықтың күшімен қолда бар 2400 метрлік бөгет 1200 метрге ұзартылып, 2,5 метрге биіктетілген. 

Парасат Досмағанбетов, Тайтөбе ауылының әкімі:

Дамбыны екі жағынан нығайттық, күшейттік. Қазір ешқандай қауіп жоқ. Қауіп төнген де жоқ. Өйткені мына жағымызда да дамбы бар. Негізі су келетін жақ осы үшінші шағынаудан болатын. Сақтандыру ретінде мына жаққа да дамбы салдық.

Қазір бүтін ел бойынша тоғыз өңірде: Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. Бұған қоса Ақтөбе, Орал, Қостанай, Арқалық, Көкшетау, Теміртау және Петропавл қалаларында төтенше жағдай тәртібі сақталып тұр.

Бүгін президент Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министріне апаттан қираған тұрғын үйлерді тез арада қалпына келтіруді тапсырды.

Қанат Шарлапаев, Өнеркәсіп және құрылыс министрі:

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша жұмысты бастап кеттік. Қысқа мерзімде зардап шеккен аудандарда тұрғын үйді қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдаймыз.

Ал бірде-бір үйі суға кетпеген, тасқын күшіне қарсы тұра аламыз деп бекініп отырған Тайтөбе жұрты күнде жағаға келіп, судың деңгейін бақылап жүр. Күні бүгін мұндағы жағдайды көріп кеткен облыс әкімі Марат Ахметжанов су ағыны Нұра өзені арқылы өткеніне қарамастан, тасқын қаупі әлі сейілмегенін, босаңсуға ерте екенін айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде