{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев облыс пен қала әкімдеріне арнайы тапсырма берді
Қасым-Жомарт Тоқаев облыс пен қала әкімдеріне арнайы тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаев облыс пен қала әкімдеріне арнайы тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар облыс пен қала әкімдеріне арнайы тапсырма берді. Қызыл судың құрсауында қалмаған аймақ атқамінерлерінің көше тазалап, елдімекендерді көгалдандыру — алған қойған басты міндеттерінің бірі.

Ал еліміздің премьер-министрі Олжас Бектенов Астана мен Ақмола облысының әкімдері Жеңіс Қасымбек пен Марат Ахметжановпен бірге бас қаланың жағдайын бағдарлап, шаһарды таяуда су басу қаупі жоқ деген тоқтамға келді. Тасқын суды реттеу мен қорғауға арналған Астана контрреттегішінің жай-күйі де жіті қаралды.

Аймақтағы ең ірі деп саналатын Майбалық көлі мен Вячеслав су қоймасының жағдайы бақылауда екені айтылды. Салаға жауапты су рессурстары және ирригация министрлігінің айтуынша, ахуал тұрақты және ұдайы бақылауда.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі:

Тайтөбе ауылында су тасқынынан негізгі қорғаныс қызметін атқарған үйінділерді нығайту жұмысы аяқталуда. Биыл қолданыстағы 2400 метрлік бөгетке ұзындығы 1200 метр, биіктігі 2,5 метр болатын жаңа бөгет тұрғызылды. Жедел штаб Астана, Қосшы қалалары мен Тайтөбе ауылындағы су қоймаларынан су жіберу деректері бойынша жасалған болжамды ескере отырып, су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде