{metadescription}
ДСМ су тасқыны жағдайына байланысты тұрғындарға ескерту жасады
ДСМ су тасқыны жағдайына байланысты тұрғындарға ескерту жасады

ДСМ су тасқыны жағдайына байланысты тұрғындарға ескерту жасады

Тамақтан улану мен жұқпалы індет таралуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі өңірлердегі су тасқыны жағдайына байланысты тұрғындарға ескерту жасады.

Апат аумағындағы ел-жұртқа дәрігерлер тек бөтелкедегі немесе қайнатылған су пайдалануды сұрады. Бұлақтан, құдықтан, ұңғымадан су ішуге болмайтынын айтуда. Су тасқынынан кейін барлық бөлмеге дезинфекция жасау қажеттігін де ұмытпаған жөн, деді. Егер жұқпалы ауру белгілері байқалса, бірден дәрігерге көрінгеніңіз абзал.

Қазір министрлік тасқын болған аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайды ерекше бақылауда ұстап отыр. Төтенше жағдай басталғалы ауыз судан төрт мыңнан астам сынама алып, санитарлық, химиялық және микробиологиялық сараптама жасалған.

Гауһар Бисарина, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі:

Су тасқынына малынған тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз. Мүмкіндігінше кеміргіштермен су тасқыны үшін қол жетпейтін жерде сақтаңыз. Тамақ ішер алдында дәретханадан, серуендеуден, тамақ дайындаудан кейін қолыңызды сабындап жуыңыз. Дене температурасының жоғарылауы, жүрек айну, құсу, іш өткенде, тамағы ауырғанда, бөрітпе және басқа белгілер болса, дереу медицина қызметкерлеріне хабарлау қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде