{metadescription}
Бишімбаев ісі: Салтанаттың сіңлісі куәгер ретінде сұралды
Бишімбаев ісі: Салтанаттың сіңлісі куәгер ретінде сұралды

Бишімбаев ісі: Салтанаттың сіңлісі куәгер ретінде сұралды

«Күйеуіне мойынсұнатын әйел боламын. Қуандықпен намазға жығыламын...». Салтанат Нүкенова өз қолымен Қуандық Бишімбаевқа осы тектес жазбаша түрде серт беріпті. Марқұмның жарының қойын дәптеріне қалдырылған жазбасын бүгін кезекті сот отырысында айыпталушының адвокаты оқыды.

Ерлан Ғазымжанов, Қ.Бишімбаевтың адвокаты:

Мен, Салтанат Нүкенова, Қуандыққа деген сенімді қалпына келтіруге, оған сеніп, қызғанбауға уәде берем. Үнемі психологқа барып-тұруға, өзіммен жұмыс істеуге серт етем. Қуандыққа мойынсұнып әрі оны құрметтеймін. Отбасы ошағын сақтап, сүйікті, қамқор әйел боламын. Балағат сөздер айтпаймын және қызбалыққа салынбаймын. Егер сондай жағдай бола қалса, бірден өзімді тежеуге ант етем. Сүйікті Қуандыққа әрқашан қолдау көрсетуді міндетім деп білемін. Қуандықпен бірге намаз оқып, рухани өсіп, Алланың көмегімен үйіміз бен махаббатымызды қорғауға сөз беремін".

Судья Айжан Көлбаева бұл сөздерден таңданысын жасырмады әрі мұны іс материалдарына қостыртпады. Ал Бишімбаев оқиға күні не себепті көріпкелге хабарласқанын түсіндірді. Экс-шенеунік оның Шымкентте тұратынын және екі жылдан бері бизнес бойынша сұрақтарға жауап беріп, оған толық сенім артқанын жеткізді. Сол жолы да сотталушы медициналық білімі бар-жоғын білмесе де, көріпкелдің «кешке дейін тынығып алсын» деген кеңесін құп көріпті.

Бишімбаев бірнеше жыл бойы психологқа жүгінгенін және тығырықтан шығу үшін Нүкенованы да үгіттегенін айтты. Артынша жәбірленуші тарап Қуандықтан Салтанаттың қай уақытта көз жұмғанын анықтауға тырысты. Бұған айыпталушы жедел жәрдем шақыртқанда марқұмның тамыры соқпағанын айтып, ал басқа сұрақтарға келгенде өзін қоярға жер таппай, мардымды жауап қатпады. Тіпті 103 диспечтерімен әңгіменің жазбасын естігенде көз жасына ерік берді.

Жалпы бүгін айыпталушыға қайғыдан қан жұтқан марқұмның ағасы да бірқатар сұрақ қойса, Салтанаттың сіңлісі Айнұр Нүкенова куәгер ретінде сұралды.

Айнұр Нүкенова, С.Нүкенованың сіңлісі:

2023 жылдың тамызында ол бір жігіттің танысқысы келіп жүргенін айтты. Оның Қуандық Бишімбаев екенін, бұрынғы ұлттық экономика министрі болғанын білдік. Салтанат оның сотталғанын, ажырасқаны мен баласы барын айтты. Мен бұл ара қатынасқа қарсы болдым. Ал тұрмысқа шыққан соң, жоғалып кетті. Бір хабарламасында “сен маған жаза берме, мен өзім байланысқа шығып тұрамын. Әйтпесе, Құдай сақтасын, Қуандық көріп қалса”, деді. Сондай-ақ, әпкем менен жиі қарызға ақша сұрайтын болды. Денесі көгерген жерлері болғандықтан, кездесіп тұра алмайтынын жеткізді. Ал өз туған күнінде Салтанат қара киіммен келді. Ешқашан олай киінбеген...

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде