«Қырғыз, қазақ бір туған». Қырғызстаннан жеткізілген 300 тонна көмек төрт өңірге беріледі
Көрші елден көмек келді. Тасқыннан зардап шеккен өңірлерге Қырғызстаннан 15 фураға артылған 300 тонна гуманитарлық зат жеткізілді. Мың жарым шақырымды артқа тастаған көмек керуені жеткізген азық-түлік пен тұрмыстық заттар зардап шеккен төрт өңірдегі халыққа теңдей бөлініп беріледі.
Автор: Әсем Лесбек
09.04.2024
Оның ішінде ауыз су, консервілер, киім-кешек, төсек-орын мен жылытқыш сияқты қажетті заттар бар. Жүк көліктері Қырғызстанның төтенше жағдай министрі бастауымен жеткізілді. «Қырғыз, қазақ бір туған. Біз әрқашан бір-бірімізге көмек көрсетуге дайынбыз», – деді, көрші елдің министрі. 6 сәуірде қырғыз елінен шыққан жүк көліктерінің алды Ақтөбе облысының Хромтау ауданы мен Қостанайға жетті.
Урматбек Шамырқанов, Қырғыз Республикасы ТЖМ вице-министрі:
— Президентіміз Садыр Жапаровтың жеке тапсырмасымен қырғыз елінің атынан — жапа шеккен қазақ еліне гуманитарлық жәрдем алып келіп отырмыз. Ертеңгі күні гуманитарлық жәрдемді бұл жерге түсіріп, қалған жапа шеккен облыстарға жол тартпақшымыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!