{metadescription}
Тасқын: Мүгедектік пен мен атаулы әлеуметтік көмек алу мерзімі ұзартылады
Тасқын: Мүгедектік пен мен атаулы әлеуметтік көмек алу мерзімі ұзартылады

Тасқын: Мүгедектік пен мен атаулы әлеуметтік көмек алу мерзімі ұзартылады

Тасқыннан зардап шеккен аймақтарда тұратындарға мүгедектік мерзімі мен атаулы әлеуметтік көмек алу уақыты автоматты түрде ұзартылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай шешімге келген. 

Төтенше жағдай режимі жарияланған өңірлерде тұратын мүгедектер жылдың екінші тоқсанында қайта куәландыру шарасынан өтпесе болады. Олардың мүгедектік мерзімі, жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі және оңалтудың жеке бағдарламасы автоматты түрде жалғасады. Жәрдемақы бұрын белгіленген мүгедектік тобы бойынша төлене береді. Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға да қайта құжат жинап, тиісті мекемелерге барудың қажеті жоқ. Сәуір-маусым айларындағы төлем автоматты түрде жүргізіледі. Ал көмекке алғаш рет өтініш білдіретін азаматтар электрондық үкімет порталы арқылы жүгіне алады.

Айта кетейік, қазір еліміздің 9 облысында жергілікті ауқымдағы 29 төтенше жағдай режимі сақталып тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде