{metadescription}
Тасқын: Жаңа тұрғын үйлердің екі эскиз жобасы әзірленді
Тасқын: Жаңа тұрғын үйлердің екі эскиз жобасы әзірленді

Тасқын: Жаңа тұрғын үйлердің екі эскиз жобасы әзірленді

Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға өнеркәсіп және құрылыс министрлігі кешенді жоспар әзірлеген. Жаңа баспаналардың үлгі жобасы мемлекеттік сараптама қорытындысымен бірге келесі аптаның соңына дейін құрылыс комитетінің сайтында жарияланады.

Меруерт Ибраева, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми өкілі:

Жоспар аясында тұрғын үйлердің екі эскиз жобасы әзірленді. Біреуі 80 шаршы метрлік үш бөлмелі жеке тұрғын үй. Екіншісі жалпы ауданы 160 шаршы метр болатын екі пәтерлі тұрғын үй. Әзірленген тұрғын үйлердің алдын ала жобасы мемлекеттік сараптамадан өткізіледі. Бұл барлық өңірде типтік жоба құжаттамасы негізінде жұмыс жүргізуді қамтамасыз етеді. Еpsd.kz сайтында көпшілікке ұсынылады.

Тасқынға тосқауыл қою шаралары еліміздің бірқатар аймағында қарқынды жалғасып, әкімдіктер келтірілген залал мен шығын көлемін тасқын су әлі толық тартылмаған жағдайда есептеп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев бір үйге кем дегенде 22 миллион теңге жұмсауды жоспарлаған. Бұл қаржы жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінеді. Ал төтенше жағдайлар министрлігі жаңа тұрғын үйлер қауіпсіз аймақтарда салынуы қажет деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде