{metadescription}
Құлсары оқушыларын маңғыстаулық ұстаздар оқытады
Құлсары оқушыларын маңғыстаулық ұстаздар оқытады

Құлсары оқушыларын маңғыстаулық ұстаздар оқытады

Тасқын судың құрсауында қалған құлсарылық оқушылар мектепке бара бастады. Өз үйінен жырақта жүрген екі мыңға жуық балаға маңғыстаулық ұстаздар білім береді. 

Түпқараған, Маңғыстау аудандарына орналасқан 50-ден астам бала мектеп партасында отырып оқиды. Осылайша эвакуация орталығында тұрып жатқан оқушыларға жақын маңдағы білім ошағына баруға бар жағдай жасалып отыр. Ал облыс орталығындағы 600-дей құлсарылық оқушылар әзірге қашықтан оқып жатыр. Себебі Маңғыстау облысындағы 130 білім ошағы уақытша эвакуация орталығына айналған. Сондықтан қызыл судан қашып келген балалар онлайн оқып жатыр. Олар қалам-дәптер және оқулықпен қамтамасыз етілген.

Гүлмира Мамаева, Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары:

  1700-дің 1098-і Бейнеу ауданында қоныстанды. Бейнеудегі 15 мектепті түгел эвуакация пунктіне айналдырдық. 15 мектептің бәрі қашықтықтан өту форматына көшірілді. Құлсары қаласынан қоныс аударушыларға байланысты эвуакация пункті орналасатын болса, сол мектептерді қашықтықтан оқыту форматына көшіруді жоспарлап отырмыз. Оқу құрал-жабдықтары берілді. Жалпы эвуакцияланған әр оқушыны есепке алып, мүмкіндігінше оқумен қамтып отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде