{metadescription}
Алматыда балалар алаңқайында маскүнемдер төбелесіп, біреуі ажал құшты
Алматыда балалар алаңқайында маскүнемдер төбелесіп, біреуі ажал құшты

Алматыда балалар алаңқайында маскүнемдер төбелесіп, біреуі ажал құшты

Тамағын сынған шөлмекпен орып жіберген. Алматыда балалар алаңқайында арақ ішкен бөтелкелестер жанжалдасып, біреуі ажал құшты. Қылмыс өткен түнде әуежай маңында болған.

Тұрғындардың айтуынша, ойын алаңқайында маскүнемдер жиі жиналады.Бұл жолы ішімдікке сылқия тойып алған достар арасында ши шығып, аяғы төбелеске ұласады. Ақырында бірі шөлмекті сындырып, екіншісін тамағынан осып жібереді. Белгілі болғандай, марқұм 55 жаста болған. Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына тоғытылды. Полиция қылмыстық іс қозғаған.

Юлия Пак:

Ұзақ отырғаны анық. Мен баламен шамамен сағат сегізде шықтым. Олар осында отырды. Бұл шамамен сағат 9 болды. Олардың тура бір сағаттай отырғанын нақты айта аламын. Қайтыс болған адам жергілікті тұрғын, ол мектептен сәл әрірек тұрады. Отбасылы, ұлы бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде