{metadescription}
Жетісу облысы: Бүкіл ауылды сасытқан мал терісі цехын жабуды талап етті
Жетісу облысы: Бүкіл ауылды сасытқан мал терісі цехын жабуды талап етті

Жетісу облысы: Бүкіл ауылды сасытқан мал терісі цехын жабуды талап етті

«Мал терісін сақтап, бүтін бір ауылды сасытты». Осылай деген Жетісу облысы Балпық би ауылының халқы шу шығарда. Таза ауаға зар болған жұрт елдімекеннің ішіндегі тері қабылдайтын орынның жабылуын талап етуде. Өйткені қоймада ешбір санитарлық талап сақталмаған, ал иесінде рұқсат құжаты атымен жоқ дейді.

Айтуынша, мұның бәрін шенеуніктер жақсы біледі. Бірақ үш жылдан бері ешкім ешқандай шара қабылдамаған. КТК тілшісі шенділер көшіргісі келмейтін, ауылды сасытқан тері қоймасын көріп қайтты.

Төрт жыл болды, тері қабылдайды. Сұмдық сасық. Бәрі біледі. Әкімдік те біледі. Еш шара қолданбай жатыр.

Қабат-қабат үйілген терілер. Айналада шашылып жатқан ішек-қарын. Балпық би ауылындағы тері қабылдайтын жердің көрінісі осы. Жылдар бойы жиналмай шіріп кеткен шикізаттың қолқаны қабатын иісінен жергілікті халықтың ығыры шыққан.

Оралбек Зияданов:

Мүңкіген сасық иіс. Тіпті шошқаның иісі ондай болмайды. Отырсаң, көзіңнен жас ағызады. Жаздыгүні тіпті қиын.

Таза ауаға зар болып үш жылдан бері мәселені көтерсек де, «еш нәтиже шығармады» деген тұрғындар қойманың қожайыны жергілікті әкіммен «ауыз жаласып отыруы мүмкін» дейді.

Қайрат Жанғазинов:

Бүкіл ауыл «бұл әкімнің әмияны» дейді. Көптің аузына қақпақ бола алмайсың. Мына жерде бір орыс жігіт бар еді, мал бағатын. «Мен көрдім» дейді, «тегістеп жатқанда әкім келді де, 10 минут сөйлесіп, бұрылып кетіп қалды» дейді. Ол айтқан «дал ему» деп. Противогаз киіп жату ғана қалды, шынын айтқанда.

Қоймаға да кіріп көрдік. Бұл орын күніне кем дегенде жеті малдың терісін қабылдайды екен. Шикізат тұздалып, осы жерде сақталады. Кейін шетелге жөнелтіледі.

Сасыған иісті айтып жеткізу мүмкін емес. Мұнда ұзақ жүре алмайсың. Жүрегің айниды. Терілердің жатқанына біраз болған. Әбден шіріп біткен. Ал енді мына жаққа зер салсақ, малдың ішек-қарнындағы дүниелердің бәрін төмен қарай ағызып жібереді екен. Ол қалдықтар суға құйылады. Бұл негізі бұлақ суы. Кезінде мөп-мөлдір, тап-таза болған. Енді қараңыз, әбден лайланған. Қазір бұны малдың өзі де ішпейді.

Қойманың қожайыны тұрғындардың шағымына да, тиісті мамандардың рұқсатына да басын қатыра бермейтін сыңайлы. «Айына 300 мың теңге тауып, осы кәсіптің арқасында бала-шағамды асырап жүрмін» дейді. Ал иістің шықпайтынына сенімді.

Қуан Тұрайұлы, жеке кәсіпкер:

Заңды түрде ЖК аштық. Салығын төледік. 2-3 жұмысшы ұстаймыз.

Санитар мамандар да рұқсат берді ме?

Ол не, санитар мамандар деген? Ол кісілерге ескертіп айттық. Ол кісілер келіп тексеріп көреді ғой. Үкімет жап десе, жабамыз. Не істейміз енді, жеке кәсіпкерлікке қолдау болмаса.

Көптен бері көтеріліп жүрген бұл мәселені шешуге жергілікті билік енді ғана кірісіпті. Неліктен осы уақытқа дейін әрекет етпегені түсініксіз.

Төлеген Қожабеков, Балпық би ауыл округінің әкімі:

Экологиядан да кеше келіп кетті дейді ғой. Санэпидемстанция өздерінің заң бойынша, ветинспекция тексеретін, теріден анализдар алатын, ауру бар ма, жоқ па. Арғы жағындағы суды әкімшілік кодекс бойынша айыппұл салынады.

Айта-айта шаршаған тұрғындар бүгінгі шудан «бір мәнісі болар» деген сенімде. Тездетіп иесіне айыппұл салдыртып, айналаны тазалатқызып, қойманы сүріп тастауын талап етіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.