Жеті жасар Асылжанның еміне 100 мың АҚШ доллары қажет
«Хәлі күннен-күнге нашарлап барады». Ақ қан ауруына шалдыққан жеті жасар Асылжан Қабдрашиттің еміне 100 мың АҚШ доллары қажет. Осы сомаға Түркияда баланың жілік майын трансплантациялау отасы жасалмақ.
Автор: Әсем Лесбек
09.04.2024
Реквизиттер:
Kaspi Bank
4400430280018745
87715753381
Данияр Ж – әкесі
Halyk Bank
4405639747786927
87779222089
Күнсұлу Ж – анасы
Асылжан қазір жүруден қалған. Баланың бойында мұндай кеселдің бары былтыр желтоқсан айында білініпті. Осы уақытқа дейін Астанадағы «Ана мен бала» Ұлттық ғылыми орталығында емделгенімен, ауруы күннен-күнге асқынған. Сондықтан ұлын жетектеген ана қайырымдылық қорлары мен қазақстандықтардан көмек сұрайды.
Күнсұлу Жанабаева, А. Қабдрашиттің анасы:
— Баламыз сау болуы үшін сүйек кемігін трансплантациялау керек. Трансплантация 100 мың доллар тұрады. Қаражатымыз жетпейді. Біз қамқор адамдардан көмек сұраймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!