Тасқын – 2024: Төрт түлігінен айырылғанға өтемақы төленеді
Су басқан аймақтарда 8 мыңнан астам мал арам қатқан. Қырылған ірі қара, ұсақ малдың өлексесін санап шыққан ауыл шаруашылығы министрлігінің есебі әзірге осындай.
Автор: Гүлвира Сейтенова
10.04.2024
Өңірлерде 6 мың қой, мың жарым бас сиыр, 514 бас жылқы суға ағып кеткен. 88 мың бас малды иелері мен құтқарушылар қауіпсіз аумаққа айдап үлгеріпті. Республикалық эпизоотияға қарсы отряд бүгінге дейін төрт мың малдың өлексесін өртеп жіберген. Бұл жұмысты әлі де жалғастырып жатыр. Төрт түлігінен айырылған ауыл тұрғындарына өтемақы төлеу алгоритмі бар. Кімге қанша ақша төленетінін Ұлттық статистика бюросының бағасы негізінде жергілікті әкімдік жанындағы комиссия есептейді.
Олжас Тілебалдин, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі:
— Су тасқыны салдарынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларының иелері малы туралы мәліметті көрсете отырып, жергілікті комиссияға өтініш беруі керек. Ауыл шаруашылығы жануарларына меншік құқығы комиссиялардың актілерімен расталады. Меншік иелеріне өтемақы мөлшері Ұлттық статистика бюросы жариялаған жануарлардың түрлері, жынысы мен жас шамасы бойынша нарықтық құны туралы мәліметтер негізінде айқындалатын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!