Экологтар: Ақтауда көміртегі оксидінің мөлшері көп
Ақтау тұрғындары екі күннен бері түтінге тұншығып отыр. Қолқаны қабатын иіс әсіресе түс мезгілінде өршиді екен. Халықтың наразылығынан кейін экологтар ауадан сынама алып, көміртегі оксидінің мөлшері көп екенін анықтады.
Автор: Әйгерім Ашықбаева
10.04.2024
Оразсұлтан Тайырова:
— Теңіз жағасында тұрамын, иіс қатты сезіледі. Көмірдің иісі сияқты. Түсініксіз, бұрындары болмаған. Қаламызда зауыттан шығатын қалдықтар көп. Зауыттан лақтырып жатыр ма, кім білсін.
Ауадағы күлімсі иісті әсіресе төменгі шағынаудан тұрғындары қатты сезген. «Газ жұтып отырмыз» дегендер денсаулығына алаңдайды. Осы арыз-шағымнан кейін экология департаменті жедел түрде мониторинг жүргізген. Бірнеше жердегі ауадан сынама алынып, зертханада талдама жасалған. Нәтижесінде Ресейдегі орман өртінің түтіні теңіз арқылы таралып жатыр деген болжамға келіпті.
Жалпы, осы уақытқа дейін Қазгидромет мәліметінше, Ақтауда ауаны ластаушы заттардың шамадан артуы 12 рет тіркелген.
Раушан Төлепова, Маңғыстау облысы экология департаментінің бас маманы:
— Сейсмотүсірілім қортындысы бойынша Солтүстік-батыстан соққан желдің бағытымен теңіздің үстімен көршілес Ресей мемлекеті Астрахань облысында алапат өрт орын алғаны орын алды. Анықтаған дәлелімізді Атырау облысына қарасты Құрманғазы ауданы Жануарлар дүниесі және орман қорғау жөніндегі мемлекеттік кәсіпорын растап шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!