{metadescription}
Білім саласында — 206 қылмыстық іс, залалы — 14 млрд теңге
Білім саласында — 206 қылмыстық іс, залалы — 14 млрд теңге

Білім саласында — 206 қылмыстық іс, залалы — 14 млрд теңге

Білім саласындағылар білгенін істеп жүр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "есесін жібермеген" есепшілердің кезекті былығын әшкереледі. Білім саласында 206 қылмыстық іс тіркеліп, келтірілген залал көлемі 14 млрд теңгеден асып жығылған.

Жымқырудың ең үлкен сомасы Түркістан, Жетісу, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласында. Бухгалтерлер есеп жүйелерінің арасындағы байланыстың жоқтығын пайдаланып, төлем құжатына қолмен түзетулер енгізіп, еңбекақы қорының ақшасын оп-оңай иемденіп алған. Әсіресе жыл сайынғы бюджет өтінімдерін жасағанда болады екен. Мәселен, антикор жақында ғана Жетісу облысы Сарқан ауданы білім бөлімі бас бухгалтерінің заңсыз әрекетін әшкерелеген.

Данияр Бегайдаров, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

Осы бөлімнің бухгалтерлерінің шотына артық белгіленген жалақыны заңсыз аудару жолымен аса ірі мөлшерде миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдік бар. Тергеуде 156 млн теңге тәркіленді. Күдікті сот санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.