Каспийде итбалықтар неден қырылып жатыр
Каспийде қырылған итбалық саны 100-ден асты. Бірақ экологтар сүтқоректілердің нақты неден қырылғанын дөп басып айта алмай отыр.
Автор: Әйгерім Ашықбаева
10.04.2024
Мамандар Түпқараған ауданына барып жағалауда барлау жүргізген. Судан сынама алып, сараптама жасапты. Алайда теңіз суынан қоспалы ертінділер таппаған. Ал облыстық балық инспекциясының қызметкерлері «бұл жыл сайын қайталанатын құбылыс» деп отыр. Итбалықтар теңіздегі қатты дауылдан кейін өлуі мүмкін деген де болжам айтылуда. Алайда нақты неден қырылғаны белгісіз. Сондықтан өлекселердің көбеюіне байланысты Гидробиология және экология институтынан және Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығынан мамандар шақыртылыпты. Олар өлген итбалықтардың ішкі ағзаларын, азу, тырнақ және жүн сынамаларын алған. Қазір зертханалық талдау жасалып жатыр.
Әлібек Жәлелов, Маңғыстау облысы балық инспекциясының бас маманы:
— Гидролог бар, гидробиолог бар, сынамаларын алып тексереді. Содан кейін белгілі болады. Денелерінде ұрылып-соғылған белгі жоқ. Аудың да ізін қарадық, аудың ізі жоқ. Арнайы ғалымдар тексеріп айтатын болар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!