{metadescription}
Тасқын: Астаналық бизнесмендер 20 тонна тауар, 510 миллион теңге жіберді
Тасқын: Астаналық бизнесмендер 20 тонна тауар, 510 миллион теңге жіберді

Тасқын: Астаналық бизнесмендер 20 тонна тауар, 510 миллион теңге жіберді

Астаналық бизнесмендер су тасыған аймақтарға 20 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті. Бұған қоса, кәсіпкерлер 510 миллион теңге ақша жинап берген.

Тасқыннан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына азық-түлік, қалың киім, гигиеналық құралдар, жылытқыштар, дәрі-дәрмек, су етік, құм дорбалары мен су сорғылар сатып алынған. Медициналық компаниялардың бірі 120 тонометр мен 24 ингалятор әкеліп берген. Гуманитарлық көмекті Qanat қозғалысының еріктілері қабылдап, керегіне қарай бөліп, өңірлерге жіберіп жатыр.

Бақтыгүл Нұрбаева, ерікті:

Құлсары қаласында біздің де үйіміз суға кетті. Мемлекетімізде болып жатқан жағдайды естіп, басқа адамдарға да көмек керек екенін біліп, барлығымыз гуманитарлық көмекті жинақтауға келіп отырмыз. Кешеден бері Қостанайға керек-жарақтарын, тамақ дайындап қойдық. Бүгін сонын бәрін жібереді. Осы аптаның соңында Петропавлға жібереді, соған да көмектесеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде