{metadescription}
КТК: Жеті жыл мүгедектік ала алмаған апаның мәселесі дау-дамайсыз шешілді
КТК: Жеті жыл мүгедектік ала алмаған апаның мәселесі дау-дамайсыз шешілді

КТК: Жеті жыл мүгедектік ала алмаған апаның мәселесі дау-дамайсыз шешілді

Түйіткілдің түйінін заң шеңберінде тарқатамыз! «Дау-дамайсыз» бағдарламасы жаңа маусымын бастағанына екі аптадан асты. Осы уақыт аралығында көмекке жүгінген кейіпкерлердің тауқыметін түсініп, тиісті көмектің көрсетілуіне себепкер болуда. Атап айтқанда, журналист Жазира Бегалы жеті жылдан бері мүгедектік дәрежесін ала алмай жүрген 60 жастағы апаның мәселесін дау-дамайсыз шешті.

Қақпаған есігі қалмаған Гүлнұр Әбдекованың соңғы үміті «Дау-дамайсыз» бағдарламасында еді. Арбаға таңылса да, Шонжыдан Алматыға ат арылтып жетті. Қолында бар құжатымен танысқан соң, жауапты мекемелердің неліктен бұл жағдайда жауапсыздық танытқанын анықтау үшін зерттеу жасалды. Тиісті мамандар сұхбатын беріп, жағдайға қанықты. Осылайша жеті жыл бойы кемтар екенін дәлелдей алмай әлекке түскен апаның мәселесі шешілді. Ол енді мүмкіндігі шектеулі жан ретінде мемлекеттен жәрдемақы алады. Гүлнұр апа секілді өзге де кейіпкерлерді мазалаған түйінді шешуге жобаның төрт жүргізушісі дайын. 

Жаңа қалыппен түрленген бағдарлама енді дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат 18:40-та көрерменге жол тартады. Ұзақтығы бұрынғыдай 20 емес, енді 45 минут.

Жазира Бегалы, «Дау-дамайсыз» бағдарламасының жүргізушісі:

Көрермендер кадр сыртында отырғандықтан бұл бағдарлама көзді Ашып-жұмғанша, мәселе бағдарламада тез шешілетіндей көрінеді. Өкінішке қарай, мәселені тоғыз айдан кейін шешкен күндеріміз болды. Сенім әрдайым әр адамның өзінде болуы керек. Егер сіз кез келген өзіңізге қатысты проблеманы шешу үшін сол проблеманың төңірегіндегі заң жобаларын, кез келген бұйрық, ережелерді оқысаңыз, мәселе дау-дамайсыз шешіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде