{metadescription}
Ақтауда бір ай бойы абаттандыру жұмыстары жасалады
Ақтауда бір ай бойы абаттандыру жұмыстары жасалады

Ақтауда бір ай бойы абаттандыру жұмыстары жасалады

Ақтауда “Таза Қазақстан” акциясы аясында бір ай бойы абаттандыру жұмыстары жасалады. Науқанның бірінші аптасында қала ішінде сенбілік ұйымдастырылып, көшелер тазаланған. Шараға шаһар әкімінен бастап, тұрғындар түгелдей атсалысуда.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында жаңа салынған шағынаудандарға 300-ден аса тал-терек отырғызылды. Маңғыстаудың желі мен аптап ыстығына шыдамды болуы үшін айлант және қылқан жапырақты туяның көшеттері таңдалыпты. Жасыл желек тамшылатып суғару әдісімен күтіп-бапталады. Оған коммуналдық сала қызметкерлерінен бөлек, тұрғындар да атсалыспақ. “Таза Қазақстан” акциясы аясында тарихи-мәдени ескерткіштер мен теңіз жағалауы да абаттандырылмақ.

Жалпы жыл басынан бері Ақтау қаласының аумағына мыңға жуық ағаш пен он мың дана бұта отырғызылған.

Ұлықбек Тінәлиев, Ақтау қаласының әкімі:

“Жасыл аймақ” бағыты бойынша Ақтау қаласында күнделікті 300 ағаш отырғызып жатырмыз. Бұл жұмыс жалғасын табады. Тұрғындардың сұранысына сәйкес, жасыл желекті көбейту, жайлы ортаны қалыптастыру бойынша облыс әкімінің арнайы тапсырмасы бар. Сол бағытта жұмыстың белсенділігін көтеріп жатырмыз. Өлкенің тазалығы баршамызға қатысты. Сондықтан акцияны қолдауға шақырамын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.