{metadescription}
Ит-мысыққа көмек
Ит-мысыққа көмек

Ит-мысыққа көмек

Су тасқынынан аман қалған ит пен мысыққа да көмек жөнелтілмекші. Алматылықтар топан судың кесірінен қараусыз қалған жануарларға азық жинап жатыр. Солтүстік Қазақстан облысына қаптағы және консервіленген жануарлар азығы  жіберіледі.

Ольга Лапшакова:

Бізді қазір осы нысанға көшіріп әкелді. Мұнда 200-ден астам ит бар. Екінші орталықта 30-дан астам. Барлығына көмек керек.

Осылай деп жәрдем сұраған халықтың өтініші ескерусіз қалмады. Қазір ит-мысыққа арналған гуманитарлық көмек жинау басталды. Қою және сұйық тағам түрлері, ит тұмылдырығы, қарғыбаулар да қажет. Жапа шеккен жануарларға жаны ашыған адамдар күні-түні қолдан келген көмектерін әкеліп жатқан көрінеді.

Ольга Аринбасарова, гуманитарлық көмек қабылдау пунктінің үйлестірушісі:

Көмек көрсету туралы шешім ойыма аяқасты келді. Қазір Петропавлда далада қалған жануарлардың саны күн сайын өсіп жатыр. Сондағы зоомамандар, еріктілер суда қалған ит-мысықтарды құтқарып, уақытша асырап атсалысып жатыр. Оларға гуманитарлық көмек керектігі жайында бірінші болып осы Ветеринария орталығының басшысына хабарластым. Бірден қолдады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде