Ақтөбе облысындағы Қобда тұрғындары үйіне орала бастады
Ақтөбе облысындағы тасқын шайған Қобда ауылының тұрғындары үйіне орала бастады. Жағдай тұрақталып, қызыл су қарқыны басылғасын, жұрт дүние-мүліктерін түгіндеуде. Ал елдімекендегі шығынды есептеуге шыққан бағалушылар жұмыстарын аяқтап қалған. Бірер күнде шешімін шығарып, артынша құрылыс жұмыстары да басталады.
Автор: Жаңалық Ахаш
11.04.2024
Қобда ауданының орталығында мың жарымнан аса үй бар. Мұнда тасқынға байланысты жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланған. Себебі, 279 баспана мен он әкімшілік ғимарат су астында қалды. Қазір су қайтып, ылғал кебе бастады. Жұрт үйіне оралып, дүние-мүлкін түгендеп жүр.
Баян Накешова, Қобда ауылының тұрғыны:
— Биыл екінші жыл суға кетіп тұрғанымыз. Былтыр көмектесті үкімет жәрдемақы берді. Соған былтыр жөндеу жасадық. Біздің көшенің бәрі кетті.
Тасқыннан зардап шеккен отбасылардың бүлінген мүлкін есепке алуға қатысты тексеру жұмыстары тез аяқталған. Енді бағалаушылар мен техникалық қадағалаушылар да осы аптада қортындыларын шығарады. Құрылыс жүмыстарын да бастаймыз деп отыр әкімдіктегілер.
Ізгілік Тынымгереев , Қобда ауданының әкімі:
— Комиссия жұмыс істеп жатыр. Қазір техникалық зерделеу обследование жүріп жатыр. Әр үйге барып, үйдің жарамдылығы бойынша бізге заключение береді. Содан кейін барыпғ бағасын шығарып адамдарға тиісті заңға сәйкес өтемақы берілетін болады.
Қобда ауылында 25 үй қираған. Шенеуніктер ол баспаналарды жаңадан саламыз деп отыр. Су астында қалған мектеп пен спорт кешені, дүкендер де қайтадан қалпына келтірілетін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!