{metadescription}
Тасқын – 2024: Тексеріс басталды
Тасқын – 2024: Тексеріс басталды

Тасқын – 2024: Тексеріс басталды

Еліміздегі су тасқындарына қатысты Қаржы мониторингі агенттігі сотқа дейінгі 3 қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазір Ақтөбе облысындағы «Мағажан» бөгетін сенімгерлік басқаруға алған компанияның басшысына, Алматыда Ақсай өзеніне бөгет салған мердігердің директорына және Ұлытау облысындағы су тасқынын алдын алу керек болған бөгеттік бекітуі тиіс серіктестіктің басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр.

Әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық. Алматыдағы Ақсай өзеніне бөгет салған компанияның директоры аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдіккке ілінген. Залал сомасы 775 миллион теңгеден асады. Ал Ұлытау облысындағы компания су тасқыны кезінде ұзындығы екі шақырым Жезді өзеніне санация жүргізуді көздеген екен. Ол жүйенің мақсаты жақын маңдағы аумақтарды су шайып кетуден қорғау. Сөйтіп серіктестік мемлекеттік мекемемен 485 миллион теңгеге шарт жасасқан. Алайда мердігер 282 млн теңгеге жоба бойынша құрылыс жұмыстарын нақты орындамағаны анықталды. Соған қарамастан, компанияның атына 400 миллион теңге аударылған. Құжат пен іс жүзінде бөлек жұмыстың кесірінен 26 үй су астында қалып, 174 адам эвакуацияланды. Ақтөбе облысында да су тасқынына кінәлілер анықталғандай. Жарылған «Мағажан» бөгеті балық шаруашылығын жүргізу мақсатында 2014 жылы жеке компанияға сенімгерлік басқаруға берілген екен. Бірақ, серіктестік бөгетті күтіп ұстамаған. Міндеттерін тиісінше орындамапты. Зардабын енді жергілікті халыққа тиіп отыр.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:

Мәселен, ағымдағы жылдың 5 сәуірінде Ақтөбе облысының Хромтау ауданында орналасқан "Магаджан" бөгеті (су қоймасы) бұзылды. Су тасқыны нәтижесінде Алға ауданының Бесқоспа, Қызылту және Табантал ауылынан 215 адам, оның ішінде 96 бала, сондай-ақ, Ақтөбе қаласы Елек және Қарғалы өзенінің маңында орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындары эвакуацияланды. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Cотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде