{metadescription}
Ақтаудан Атырау қаласына ауыр көліктер жөнелтілді
Ақтаудан Атырау қаласына ауыр көліктер жөнелтілді

Ақтаудан Атырау қаласына ауыр көліктер жөнелтілді

Ақтаудан Атырау қаласына ауыр көліктер жөнелтілді. Пойызға тиелген арнайы техникалар су тасқынынан қорғайтын бөгет салу үшін қолданылмақ. Ақтаудан Атырау қаласына ауыр көліктер жөнелтілді. Пойызға тиелген арнайы техникалар су тасқынынан қорғайтын бөгет салу үшін қолданылмақ.

Экскаваторлар, жүк көтергіш крандар, автобустар бүгін пойызға тиелді. Енді шойын жол арқылы бірер күнде Атырау облысына жеткізіледі. Арнайы техникалар су тасқынынан зардап шеккен және әлі де қауіп төніп тұрған елді мекендерге бөлініп, бөгет салу жұмыстарына қолданылмақ. Игі іске жергілікті кәсіпкерлер мен кәсіпорындар қол ұшын созған. Яғни техникалармен бірге кезекпен жұмыс істеу үшін 20 көлік жүргізуші де аттанды. Бұған дейін де Құлсары қаласына жеке кәсіпкерлердің арнайы техникалары жөнелтілген болатын.

Адайбек Қалиев, Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

Қаланың жан-жағын дамбы жасап бекітуге бұл өте қажет техникалар. Сондықтан облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, осы Маңғыстау облысындағы өндірістік мекемелер бар, жеке кәсіпкерлер бар, Ұлттық компаниялар бар солардың көмегімен, ҚТЖ-ның өздерінің платформасымен көмектесіп, сол техникаларды жолға дайындап жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.