Жүргізушімен жаға жыртысты
Тез жүрмегені үшін төмпештеген. Алматыда тағы бір автобус жүргізушісі соққының астында қалды.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
11.04.2024
Бұл жолы жанжал №98-ші бағыттағы қоғамдық көлікте болған. 38 жастағы жолаушы әуелі жүргізушімен сөзге келеді. Кейін автобусты тоқтатып қойып, екеуі төбелесе кеткен. Бұзақы бірден ұсталды. Қазір қамауда отыр. Оның әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Естеріңізге сала кетейік, биыл қыста ғана жолаушы мен жүргізуші арасындағы даудың кесірінен 3 адам ажал құшқан еді.
— Сөзге келіспей қалдық. Сол жерде боқтасып, қол жұмсадым. Ол кісі де менің жағамнан алып, сол жерде қырылып кеттік. Кешірім сұраым. Ол кісі кешірім берген. Жай сұрағам «сәл тез жүресіз ба» деп. Ондай болатынын білген жоқпын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!