{metadescription}
Бишімбаев ісі
Бишімбаев ісі

Бишімбаев ісі

«Бәрі айдан-анық және әрбір кәсіби маман мұны бірден түсінеді». Осылай деп бүгін Қуандық Бишімбаевтің адвокаттары судьяны ауыстыруды талап еткен еді. Бірақ соттың қаулысымен қорғаушы тараптың Айжан Құлбаеваға қатысты өтініші қанағаттандырылған жоқ. Және бұл шешім шағымдануға да, наразылық білдіруге де жатпайды.

Атышулы процесте бүгін, сондай-ақ, Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмысты жасырды әрі полицияға хабарламады деп айыпталған Бишімбаевтің інісі Бақытжан Байжановтан жауап алынды. Сөзін марқұмның туыстарынан кешірім сұраудан бастаған ол қарашадағы қанды қылмыс болған күнді үтір, нүктесіне дейін баяндап берді. «Салтанатты тек жақсы қырынан танимын» деген Байжанов дәл сол маңызды сәттерде жеңгесіне «қауіп төніп тұрғанын байқамадым» деп ақталды. Оңбай таяқ жеген Салтанатқа да, жердегі қанға да мән бермей, өз жұмысымен айналысып, тек аракідік VIP бөлмеге кіріп шығып жүріпті. Соның өзінде Нүкенова «қалың ұйқыда жатыр» екен деп ойладым, себебі екеуі жанжалдасып, қырық пышақ болып жиі ұрысатынын деп отыр. Айтуынша, 10 жас үлкен қызуқанды ағасына қарсы келуден де қорқады екен. Сондықтан оның айтқан әрбір бұйрығын қалтқысыз орындапты. Сот басталғалы да Бишімбаевтан қысым көріп, судьядан ағасынан алшақ отыруды сұраған болатын. Байжанов оны былай деп түсіндірді.

Бақытжан Байжанов, айыпталушы:

Бишімбаев маған айтты, «жедел жәрдемге біз бірге хабарластық деп айт» деп. «Егер айтпасаң, мен сені қарғаймын. Сенің басыңа келсін, сенің балаларыңның басыңа келсін» деп. Сот залында емес, бірінші қабатта  айтты. Менде жаман ой болған жоқ. Мен ол жалаңаш болғаннан кейін шығып кетуге асықтым. Қарай алмадым, Салтанатқа.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде