{metadescription}
Кейінге шегерілді
Кейінге шегерілді

Кейінге шегерілді

Қайрат Сатыбалдыға қатысты тағы бір қылмыстық іс бойынша сот отырысы кейінге шегерілді. Себебі кәсіпкердің заңсыз сатып алынды деген активтерін бағалау үшін қосымша уақыт қажет. Айта кетейік, бұған дейін ол тергеумен келісім жасауға дайын екенін білдіріп, заңсыз жолмен алынған мүлікті түгел мемлекет меншігіне қайтаруға келіскен болатын.

Елдар Нұрмаханов, прокурор:

Осы келісім аясында Қазақстандағы және шетелдегі активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесі талқылануда. Бұл элиталы жылжымайтын мүліктер, люкс автокөліктер, қымбат зергерлік бұйымдар, ақшалай қаражат пен коммерциялық жылжымайтын мүлік. Бұл ретте уәкілетті орган активтердің нақты құнын тексеруге міндетті. Ол үшін бірқатар бағалау мен талдау болуы тиіс.

Сатыбалды бүгін де колониядан онлайн байланысқа шықты. Бұған дейінгі аса ірі мөлшерде ақша жымқыру ісінде ол 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бұл жолы кәсіпкерге "қылмыстық жолмен алынған ірі көлемдегі ақшаны заңдастырды" деген айып тағылды.

Еске сала кетейік, бұған дейінгі істе бизнесмен 700 миллиард теңгеден астам қаржы мен дүние-мүлікті мемлекетке қайтарған. Бұл жолы Антикордың мәліметінше, ол елу миллиардтан астам ақшаны қайтаруы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде