Ақмола облысындағы Атбасар ауданында төтенше жағдай жарияланды
Ақмола облысындағы Атбасар ауданына да жетті. Мұнда Жабай өзенінің деңгейі көтеріліп, 130 үй мен мектепке су кірген. Сол себепті 110 адам эвакуацияланды. Ауданда төтенше жағдай жарияланған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
11.04.2024
Аманбек Қалжанов, Атбасар ауданының әкімі:
— Бүгін түнде Жабай өзені арнасынан асып, 6 жерден бекіністі шайып кетті. Жағдай өте күрделі. Тасқын қаупі бар аумақтағы тұрғындар қауіпсіздік үшін үй-жайларын тастап, алдын ала әзірленген бекеттерге жеткізілуге тиіс. Қазіргі уақытта Атбасар ауданында төтенше жағдай жарияланды.
Таңғы 5-тер шамасында шырт ұйқыда жатқан Атбасар тұрғындарын дабыл қоңырауы оятқан. Жабай өзені тасып кетуі мүмкін екенін алдын ала болжап, қас қақпай әзірлікте тұрған 400-ге жуық әскери, жергілікті билік өкілдері мен құтқарушылар бірден іске кірісті. Жұртты көшіруге дайын тұрған 6 бекетке 110 адам орналастырылған. Қазір 100-ден аса техникамен тасқынның жолын бөгеп, су кірген 130 үй тазартылып жатыр.
Алты мектептің оқушылары қашықтан оқытылуда. Ал құтқарушылар су басу қаупі бар 200 -ге жуық үй мен өзге де әлеуметтік нысандарды аман алып қалу үшін барын салып жатыр.
Ерболат Ашкенов, Атбасар ауданы ТЖБ бастығы:
— Таңғы 4 тен 58 минут кеткенде Жабай өзені арнасынан асып,су қалаға лап қойды. Барлық дабыл қоңырауларын басып, тұрғындарды хабардар етіп эвакуацияға кірістік. Қазір су кіріп үлгермеген нысандар мен тұрғын үйлерді қорғап қалуға күш салып жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!