{metadescription}
Тасқын-2024: Әскерилерден көмек
Тасқын-2024: Әскерилерден көмек

Тасқын-2024: Әскерилерден көмек

Тасқын салдарынан елде халықаралық және республикалық 13 жол жабық. Қозғалысқа шектеу Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарындағы бірқатар жолға қойылған.

Сәкен Ділдахмет, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми өкілі:

 Ақмола облысында Көкшетау-Атбасар тас жолының 120-184 шақырымы. Екатеринбург-Алматы тас жолының 856-917 шақырымы. Ақтөбе облысында Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз тас жолының 3-92 шақырымы. Атырау облысында Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау тас жолының 4-119 шақырымы. Мұқыр - Құлсары тас жолының 0-136 шақырымына дейін шектеу қойылды.

Су тасқынымен күреске қазір қарулы күштердің 5 мыңға жуық әскері, 170-тен астам техникасы, 11 тікұшақ пен 5 әскери ұшағы жұмылдырылған. Сарбаздар екі апта ішінде 2 жарым мыңға тарта тұрғынды көшіріп, 111 тонна жүк тасымалдады. 300 мың қап құм дайындап, су қаупі бар жерге тасыған. Республикалық жедел штабтың шешімімен су басқан аймақтарға Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған мен Алматыдан да қосымша әскер күші тартылды.

Руслан Жангулин, ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:

Орал қаласына Қызылордадан 200 әскери қызметші, 26 автомобиль, техника бөлінді, Атырау облысына «Оңтүстік» әскери бөлімінен 1000 аса жеке құрамы, 61 бірлік әскери техника бөлінді. Петропавлға Қарағанды қаласынан 300-ден аса әскери қызметші, 16 техника, Орал қаласына әскери-көліктік авиация ұшақтарымен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері, Талдықорғаннан 200 адам, Алматыдан 103 адам жеткізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде