{metadescription}
Қостанай облысы: Қауіп сейілді
Қостанай облысы: Қауіп сейілді

Қостанай облысы: Қауіп сейілді

Қостанайда бес жылдан бері бос тұрған үш бірдей бөгеттегі су көлемі ректорд көрсеткіште жетті. Бүгінде 100 пайызға толған тоспалар бұрын-соңды болмаған ағысқа төтеп берген.

Қазір өңірдегі Жоғарғы Тобыл мен Қаратомар су қоймасы 92% пайызға толған. Ал ең ірі Желқуар су қоймасы 100 пайыз рұқсат етілген межеге жетті. Ауылдарға кірген су деңгейі де түскен. Тасқын кезінде бас сауғалап кеткен тұрғындар үйіне оралып жатыр. Ал тілсіз жаудан келген шығын есептелуде. Мамандар қазір су сақтау қоймаларына келетін су көлемі азайып, қауіп сейілгенін айтады. Олар ағын суды сақтап қалу үшін қоймалардан су жіберу көлемі де азайтылды дейді. Оны жазда егістікті суғаруға жұмсамақшы.

Сергей Мукашев, «Тобыл-Торғай» бассейн инспекциясы, мемлекеттік бақылау бөлімінің жетекшісі:

Жыл басында бізге су көлемі туралы болжам берілген. Алайда белгісіз себептермен су екі есеге көп келді. Біз мұндай көлемге дайын емес едік. Бірақсу сақтау қоймалары шыдас берді. Есесіне, көптеп жиналған суды осы жылы егінге, тағы басқа мақсатта қолданамыз. Биыл ағын су тапшы болмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.