{metadescription}
Ғылымға көңіл бөлсеңіз
Ғылымға көңіл бөлсеңіз

Ғылымға көңіл бөлсеңіз

Ғылыми негізсіз жасалған шаруаның салдары ауыр болуы мүмкін. Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында президент әуелі еліміздегі қазіргі ахуалға тоқталып, жылдар бойы шешімін таппаған мәселелерді жүйелі түрде шешуге пәрмен берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Әсіресе, елімізде болып жатқан су тасқыны кезінде білікті мамандар мен ғалымдардың тапшылығы айқын сезіліп отыр. Апатты ғылыми тұрғыдан болжау, оның ықтималдығы мен әсерінің ауқымын дер кезінде бағалау өте маңызды. Су тасқыны, орман өрті және Алматыдағы жер сілкінісі осыны айқын аңғартты.

«Бірінші кезекте ғылым әлеуетін техногендік және табиғи апаттарды болжау мен климаттың өзгеруіне қарсы күресу үшін пайдалану керек», - деді мемлекет басшысы. Әйтпесе, төтенше жағдайлардың алдын алу мүмкін емес. Бұл ретте тиісті ғылыми қорытындылардың сапалы жасалуы да аса маңызды. Бұл түптеп келгенде, жұмыс тәсілін түбегейлі өзгертуді талап етеді.  «Мемлекеттік органдарды жан-жақты зерттелген дәлел-дәйектерге сүйеніп жұмыс істеуі тиіс», - деген президент, ғалымдарды қажетті құрал-жабдықпен толық қамтуды тапсырды. Кәсіби мамандарды даярлауға да ерекше екпін берілмек. Одан бөлек, шетелде табысты жұмыс істеп жүрген ғалымдарды Қазақстанға қайтару жайы сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Халықаралық тәжірибені жан-жақты зерттеп, шетелден білікті мамандар мен ғалымдарды тарту мақсатында барлық мүмкіндікті қарастырған жөн. Ол үшін елімізде табысты еңбек етуге қолайлы жағдай жасау керек. Жалпы, мемлекет, ғылыми қоғамдастық және бизнес арасындағы жасампаз серіктестік отандық ғылымды өрге сүйрейтін негізгі шарт екеніне сенімдімін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.