Ақтөбе: Интернатта ажал құшты
Ақтөбеде спорт мектебінің 8-сынып оқушысы көз жұмды. Есет батыр атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының тәлімгері есінен танып, жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған.
Автор: Әсем Лесбек
12.04.2024
Оқиға кеше кешкі сағат тоғыз шамасында білім ошағында болды. Бексұлтан Әбубәкір мектептің еркін күрес бөлімінде оқыпты. Есін жоғалтқан балаға мұғалімдер бірден жедел жәрдем шақыртқанымен, олар да ажалдан арашалап қала алмады. Марқұмның егізі де осы интернатта оқиды екен. Мектептегілер оқушының бұрын дерті болмаған деп отыр.
Қайрат Әжбағамбетов, Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты директоры:
— Жатақханада болған жағдай. Түнгі сағат 10-да ұйқыға жатады. Оқиға 9-дан кете болды. Тәрбиешілер бәрі график бойынша орнында болған, құлаған кезде алғашқы медициналық көмек берген. Тәрбиешінің сертификаты бар. Ондай ауруы болған жоқ, спортпен шұғылданып жүрген бала ғой.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!