{metadescription}
Маңғыстау облысы: Балықшылар жоғалған
Маңғыстау облысы: Балықшылар жоғалған

Маңғыстау облысы: Балықшылар жоғалған

Маңғыстауда теңізге балық аулауға кеткен екі жігіт он күннен бері іздестіріліп жатыр. Түпқараған ауданында Каспийге шыққан балықшылар іс-түссіз кетіп, жағалауға қайта оралмаған.

Қазіргі таңда құтқарушылар тікұшақпен, сүңгуірлер судан іздеп жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, іздеуге ауыл тұрғындары, балықшылардың туыстары, достары да атсалысуда.

Айта кетейік, 40 жас шамасындағы екі жігіт 2 сәуір күні кешке Форт Шевченко қаласынан Қызыл Өзен ауылы бағытына қарай үрмелі қайықпен шыққан. Олардың теңіз жағасынан 25 шақырым қашықтыққа алыстағаны анықталды. Қолында балық аулауға арналған тор болған.

Дінмұхаммед Пірімжан, Маңғыстау облысы ТЖД Төтенше жағдайды жою басқармасы бастығының м.а.:

Жеке құрамнан 44 адам, 6 техника, 7 жүзу құралы, бір ұшқышсыз ұшу аппараты, су астын сканерлейтін ЭХО аппараты, ҰҚК шекара қызметінен 21 әскери қызметкері, бір кеме,«Қазавиақұтқарудан» үш адам, бір «Ми-8» тік ұшағы жұмылдырылды. Іздестіріліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.