{metadescription}
Семей жұмыла көмектесуде
Семей жұмыла көмектесуде

Семей жұмыла көмектесуде

Павлодар облысынан қарғын судан зардап шеккен Ақмола облысына гуманитарлық көмек жөнелтілді. Жүктің жалпы ауқымы 15 тоннадан асады. Семейліктер елімізде су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберді. Жолға шыққан 10 көлікті шаһар тұрғындары мен кәсіпкерлер екі күннің ішінде лық толтырған.

Көліктерде азық-түлік, төсек-орын секілді тұрмысқа қажет заттар бар. Тұрғындар қайық, резеңке етік, күректер мен қаптар да әкелген. Енді бұл гуманитарлық көмек қызыл су құрсауында қалған Петропавл, Орал, Ақтөбе облыстарының тұрғындарына беріледі. Жұрттан келіп жаткан қолдау әлі де толастар емес.

Еркебұлан Еңкебаев, Семей қаласының тұрғыны:

Бұл халықтан халыққа бара жатқан көмек. Сондықтан барша ат салысқан Абай облысы, Семей қаласының тұрғындарына көп-көп рахметімізді айтамыз. Күшіміз бірлікте!

Үш күннің ішінде қызыл судан қағажу көріп жатқан аймақтарға көмек көрсету мақсатында Кереку жұрты 10 миллион теңге жинаған. Азық-түліктен өзге тұрмыстық заттар, киім-кешек,  жылытқыш құралдары және жеке гигиена заттары жіберілді. Игі бастаманы өңірдің шағын және орта бизнес өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, Қазақстан халқы ассамблеясының этно-мәдени бірлестіктері қолдаған. «10 тоннадан астам гуманитарлық көмек тасқын судан зардап шеккен Қостанай облысының халқына жөнелтіледі», - дейді ұйымдастырушылар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.