Шымкентте оқушылар тегін қатынайды
Шымкентте мектеп оқушылары мамыр айынан бастап қоғамдық көлікте тегін жүретін болды. Ол үшін тіпті тиісті карталар шығарылмақ.
Автор: Бек Әбиев
12.04.2024
Жеңілдікке Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлеріне теңестірілген Ауған және Қарабақ шиелінісіне, Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандар мен Семей полигонынан зардап шеккендер мен 2-ші топ мүгедектер және 1-ші топтағы мүгедекті бағып отырғандар да енді. Жекеменшік автопарктер шығынға ұшырамас үшін қоғамдық көлігі бар компаниялардың бәрі бюджеттен субсидия алатын болды.
Шерзат Сүттібаев, Шымкент жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары:
— Колледжге түссе, студенттер қатарына енеді де, жеңілдік 50 теңгені құрайды, 70 теңгеден 50 теңге төлейтін болады. Бұл тізімнің бәрін біз тиісті салалармен, уәкілетті органдармен 1 мамырға дейін тізім жасақтаймыз. Соған сәйкес барлық санаттағы азаматтар тиісті куәліктер мен жол картасымен қамтылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!