Астана: Ақшамен қызықтырмақ
Халықты сенбілікке шығару үшін Астана мәслихатының депутаттары ерекше идея ойлап тапты. Олар шаһардың әр жеріне 50 мың теңгеден тығып қоймақ.
Автор: Гүлвира Сейтенова
12.04.2024
Қорапқа салынған ақша саябақта, гүлзарда немесе алаңқайларда қоқыс арасына жасырылады. Осындай үш сыйлық болады. 150 мың теңгені демеушілер бөліп отыр. Алғашқы сенбілік ертең, 13 сәуірде өтеді. Жалпы «Таза Қазақстан. Астана тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты эко-айлық бір айға созылады.
Арысланбек Мағзұм, Астана мәслихатының депутаты:
— Құпияның бір шетін ашсақ: бірінші қорап орталық саябақта болады, қалған екі қорап қала ішінде, сенбілік өтетін жерлерде тығылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!