Қарағанды: Экоакциялар барысы
«Таза Қазақстан» экология акциясы еліміздің әр өңірінде жүріп жатыр. Қарағанды қаласының тұрғындары қыста қармен аралас жиналған қоқысты шығаруда. Оған түрлі мекемелермен қатар ішкі істер академиясының курсанттары да атсалысты. Ал Семейде орман алқабында көшет отырғыза бастады.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
12.04.2024
Нұржан Бекенов, «Семей орманы» резерваты филиалының директоры:
— Екі жылдық көшеттер отырғызылып жатыр. 12-16 мекеме қатысқан. 600- ден астам кісі. Көшеттер бес гектар жерге отырғызылады. Бүгін 23 800 көшет отырғызылуы керек.
Семейде мына орман алқабы осыдан 18 жыл бұрын отқа оранған. Биылдан бастап мамандар күлге айналған 850 гектар жерді қайта қалпына келтіреді. 23 миллион көшет отырғызу жоспарланған. Сондықтан орман қызметкерлеріне қарағай отырғызуға жергілікті тұрғындар көмектесіп жатыр.
Қарағандыдағы экология шарасына Бәрімбек Бейсенов атындағы Заң академиясының 200-ге жуық курсанты қатысты. Олар төрт топқа бөлініп, қаланың оңтүстік-шығыс аумағындағы қоқысты жинады. «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде қаладан соңғы бірнеше күнде бір жарым мың тонна қоқыс шығарылған. 155 техника тартылып, коммуналдық саланың жұмыскерлері де жанталасып жатыр. Ал 13 сәуірде жалпықалалық сенбілік өткізіледі.
Дәулет Маханов, Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары:
— Даладағы қоқысты жинап жатыр. Қолғаптар, қаптар беріп, автобус бөлдік. Сенбілік екі ай болады. Алдымен қоқыс жинасақ, кейін ағаш отырғызамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!