Алматы: Үш кітаптың тұсауы кесілді
Алматыда «Жас қалам — жаңа роман» жобасы аясында үш бірдей қаламгердің романы жарық көрді. Жазушы, журналист Мақсат Мәлік «Абыл мен Қабыл», Қанат Әбілқайыр «Ағыраптағы аты жоқ адам», Әлібек Байбол «Мұтылған» атты романдарын бас-аяғы үш айда жазып шыққан.
Автор: Ақтоты Жұмабек
12.04.2024
Ұлттық кітапханада өткен тұсаукесерге кітап сүйер қауыммен қоса, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар қатысты. Жастар арасында жаңашылдығымен танылған автор Мақсат Мәліктің "Абыл мен Қабыл" романы төрт бөлімнен тұрады. Шығармада сиам егіздерінің 33 жылдық ғұмырын жан-жақты талдап жазған. Оқиғада ақ пен қара, жақсылық пен жамандық сияқты түрлі психологиялық қақтығыстар да кездеседі дейді автор. Роман әзірге 400 данамен шыққан.
Мақсат Мәлік, жазушы:
— Бұл сиам егіздері негізінде Бекторы деген шешесі 86 жылы зорланған. Бірақ балаларын 1991 жылы дүниеге әкеледі. Сол 1991 жыл мен 2024 жыл арасындағы оқиға. Бұл жерде түрлі психологиялық қақтығыстар бар. Оның барлығын оқырманнның өздері оқығаннан кейін көре жатар. Бұл жерде «аңыздың негізінде» деп қарауға болмайды. Бұл екеуі екі күш сияқты, ақ пен қара сияқты, екеуінің арасындағы айқас — психологиялық. Соңында кім жеңеді, жалпы «адамның миссиясы не?» деген сияқты көптеген сұраққа жауап іздеуге болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!