{metadescription}
Ақтөбе облысы: Сақтықта қорлық жоқ
Ақтөбе облысы: Сақтықта қорлық жоқ

Ақтөбе облысы: Сақтықта қорлық жоқ

Сақтықта қорлық жоқ. Ақтөбе облысындағы екі ауылдың тұрғындары эвакуацияланып жатыр. Нұра және Мамыр елді мекенінің халқы Қорғаныс министрлігінің тікұшағымен аудан орталығына жеткізілді. Бұл Ырғыз ауданында Торғай өзенінің көтерілуіне байланысты алдын ала жасалған сақтық шарасы. Қазір өңірде Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

Әділбек Итемгенов Мамыр ауылының тумасы. Осында мал шаруашылығымен айналысады. Ол көне көздерден Нұра ауылында өзен соңғы рет 1949 жылы көтерілгенін естіпті.

Әділбек Итемгенов, Мамыр ауылының тұрғыны:

48 жасымда, осындайды тұңғыш рет көріп тұрмыз. Талай тасқынды көріп едік, бірақ тап бұндайы 1949 жылы келген дейді. 1972 жылы келген, ол да бұндай деңгейге жетпеген. Ерекше болып тұр. Малдар далада иесіз жатыр. Бәрін Құдайға тапсырдық.

Жалпы Мамыр ауылында 152 түтін бар. Ал Нұра ауылында 691 адам тұрады. Олардың сексеннен астамы қорғаныс министрлігінің тікұшағымен аудан орталығына жеткізілген. Бүгін тағы да эвакуация пункттеріне 10 шақты тұрғын көшірілді. Арасында қан қысымен дәрігердің көмегіне жүгінгені де бар.

Өнер Қанат, Ырғыз ауданы ауруханасының дәрігері:

Медициналық көмекке жүгінгендер саны 10. Бір әйел және бір еркек гипертониялық криз диагнозымен алғашқы көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі жағдайы тұрақты. Қалған сегіз адамға алғашқы көмек көрсетіліп, жағдайы бақылауда.

Қазір қос ауылдың жағдайы бақылауда. Облыс әкімі мамандармен бірігіп ауылдардағы ахуалды әуеден тексеріп жүр.

Асхат Шахаров, Ақтөбе облысының әкімі:

Торғайдан екі күн бұрын үлкен су келе бастады. Қазір бөгет деңгейін жергілікті азаматтар екі метрге дейін көтерді. Ағыс әлі бар, бірақ бірқалыпты. Біз, 20 адамдай, Ырғыздан алып келіп, әскери құрлымдар сол жұмыстыы жалғастырады.

Ауыл тұрғындары тәулік бойы бөгеттерді нығайтып жүр. Техникалар да тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Елдімекенге қорғаныс министрлігінің Ми-8 тікұшағымен қосымша күш жұмылдырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде