{metadescription}
Мұнай төгілді — Маңғыстау облысы
Мұнай төгілді — Маңғыстау облысы

Мұнай төгілді — Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласында техникалық құбыр жарылып, жерге мұнай араласқан су төгілді. Қара сұйықтық бірнеше шақырымға жайылған. Қазір апат болған жерде арнайы құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр.

Құбырдан атқылаған қара сұйықтықты мекеме қызметкерлері түсіріп алған. Видеодан оның жерәлемге жайылғанын көруге болады. Құбыр "Өзенмұнайгаз" компаниясына тиесілі болып шықты. Техникалық теңіз су құбыры кеше сағат түскі 3-те жарылған. Дегенмен компания өкілдері «төгілген сұйықтықтың құрамында экология мен адам денсаулығына зиян келтіретін элементтер жоқ» дейді. Десе де қоршаған орта мен жер қыртысына қаншалықты зиян келгенін экологтар анықтайды.

Мамандар топырақтан сынама алып, сұйықтықтың жайылған көлемі мен топыраққа сіңген мөлшерін анықтауға кірісті.

Армат Жүсіпқалиев, Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің бастығы:

Ластанған жердің көлемі өлшеніп, хаттама толтырылды. Қазір жұмыс жалғасуда. Департамент тарапынан жоспардан тыс тексеріс тағайындалатын болады. Тексеріс қорытындысы жұмыс аяқталған соң жарияланады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде