{metadescription}
Салық: Кейінге шегеріледі
Салық: Кейінге шегеріледі

Салық: Кейінге шегеріледі

Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтардың салығы да кейінге шегерілмек. Тиісті бұйрықтың жобасы қаржы министрлігінің «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында жарияланды.

Құжат мақұлданса, өңірлерде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға салық төлемдерімен қатар әлеуметтік төлемдерді төлеу 1шілдеге дейін шегеріледі.

Сондай-ақ, бұйрықта бюджетке төленетін міндетті төлемдер мен салық есептілігін тапсыру мерзімін де шілдеге дейін ауыстыру қарастырылған. Оған қоса салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары да сол уақытқа дейін тоқтатылады. Құжат сәуірдің жиырма тоғызына дейін ашық талқылауда болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде