Киелі мекен
Алматы облысында 70-тен астам тарихи-мәдени нысандар ретке келтірілді. «Киелі мекен» жобасы аясында елдімекендердегі бірнеше мұражай мен ескерткіштің аумағы тазартылған. Шараға қатысқан тұрғындардың да белсенділігі өте жоғары.
Автор: Ақтоты Жұмабек
15.04.2024
Акция алдымен «Таңбалы тас» тарихи-мәдени ескерткішінде басталған. Кейіннен Жамбыл ауданындағы Жамбыл Жабаев мұражайы мен «Таңбалы» қорық-музейінде жалғасты. Талғар ауданындағы «Талғар Қалашығы» және репрессия құрбандарын еске алу мұражайында да тазарту жұмыстары жүргізілген. Кейіннен игі іс Ұйғыр, Қарасай, Іле аудандарындағы тарихи орындарда жалғасыпты.
Шараға 800-ге жуық адам қатысқан. Естеріңізге салсақ, «Таза Қазақстан» ауқымды экология акциясы еліміз бойынша осыдан бір апта бұрын басталған. Ол 11 мамырға дейін жалғасады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!