{metadescription}
Петропавл: Құжат тапсыруда
Петропавл: Құжат тапсыруда

Петропавл: Құжат тапсыруда

Петропавлда тасқыннан зардап шеккен тұрғындар мемлекеттен өтемақы алу үшін құжат жинай бастады. Қалада мыңнан астам үй су астында қалған. Өтініш берушілерге кезек күттірмес үшін арнайы кесте жасалды. Енді әр тұрғынның құжаты өз шағын ауданында қабылданатын болады.

Әсем Айтулова, Петропавл әкімдігінің баспасөз хатшысы:

Қазіргі таңда барлық құжатты қабылдап, өткізіп жатыр. Одан кейін залалды санау үшін арнайы комиссия бар. Солар баспанаға келген шығынды санап, өтейтін болады.

Петропавлда тасқыннан Заречный, Кожзавод, Косагор, Подгора шағын аудандары зардап шекті. Қызыл су қала орталығына дейін жетіп, 11 мың тұрғын қауіпсіз жерге эвакуацияланған. Әзірге бірреттік өтемақы нақты неше адамға берілетіні белгісіз. Оның көлемі қалада 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 370 мың теңге болып бекітілген. Мемлекеттен берілетін бұл көмек баспанаcы бүлінгендерге төленеді. Құжаттар қалалық әкімдікте, сондай-ақ, шағын аудандарда жеке-жеке қабылданатын болды. Қабылдау уақытына дейін әлеуметтік желіде жарияланып тұрады. Өтемақы мәселесінің біртіндеп шешіле бастағанына тұрғындар дән риза.

Вера Голованова, Петропавл тұрғыны:

Меніңше, құжаттар әрбір шағын ауданда қабылданғаны өте дұрыс деп санаймын. Сығылысқан кезек болмайды. Қазір сағат 3-ке дейін Подгора, 3-тен кейін Заречныйдан тұрғындар келеді. Біз бәрінен ерте келіппіз. Құжат тапсырып үлгерсек, ертерек көмек алсақ дейміз. Мемлекеттен қолдау болады деп жатыр, уәдесінде тұратын шығар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде