{metadescription}
Тараз: Өмірден баз кешті
Тараз: Өмірден баз кешті

Тараз: Өмірден баз кешті

Тараздағы перзентханадан жүкті әйелдің өлі денесі табылды. Ол жуыну бөлмесінде өзіне қол жұмсаған. 

33 жастағы Сарысу ауданының тұрғыны жүктіліктің 24-ші аптасында болған екен. Ай толғақ қысқан ананы облыстық периниталдық орталық мамандары бақылауға алыпты. Бірақ марқұм жуынатын бөлмеде асылып қалған. Жатырдағы сәбиімен бірге жарық дүниемен қош айтысқан ананың артында үш баласы қалды.

Қазір жүкті әйелдің өмірден баз кешуіне не себеп болғанын анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалып, тексеріс басталды. Болжам бойынша, марқұмның мұндай қадамға баруына отбасындағы кикілжің себеп. Дәрігерлер бұған дейін оның бойынан психикалық ауытқу байқалмаған дейді.

Толқын Өмірбаева, Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз бөлімінің басшысы: 

Медициналық көмек түрлерінің барлығын алған. Кешкі сағат 20:54 жуыну бөлмесінен өлі табылған соң, шұғыл түрде жасалған реанимациялық шаралар нәтижесіз шыққан. Содан кейін тез арада полиция және тергеу бригадасы шақыртылған. Мәйіт сот медициналық сараптамаға берілді. Бүгінгі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде