Ақтау: Көңілдесі өлтірген
Ақтаудағы пәтерлердің бірінде 52 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Марқұмды азаматтық некедегі күйеуі бауыздап өлтіріп, кейін үйді өртеп жіберген дейді куәгерлер.
Автор: Әйгерім Ашықбаева
16.04.2024
Жантүршігерлік оқиға бүгін таңда қаладағы көпқабатты үйдің бірінде болды. Өртеніп жатқан пәтерден әйел адамның денесі табылған. Шырт ұйқыда жатқан өзге тұрғындар шошып оянған. Бықсыған иісті сезіп өрт сөндірушілерді де көрішлер шақырыпты. 10 шаршы метр жерді жалмаған өрт қасақана қойылғаны анықталған. Көп ұзамай полиция қызметкерлері жоғарғы қабаттан марқұмның көңілдесін ұстапты. Азаматтық некедегі әйелін қастандықпен өлтірді деген күдікпен ол қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.
Айгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облысы ПД баспасөз хатшысы:
— Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!