{metadescription}
Жамбыл облысы: Сел жүрді
Жамбыл облысы: Сел жүрді

Жамбыл облысы: Сел жүрді

Жамбыл облысында толассыз жауған жаңбырдан Жасөркен ауылында сел жүрді. Тасқын тау бөктеріндегі 30 үй мен орта мектептің ауласын басып қалған. Айналасын су басқан ауыл мектебінің оқушылары онлайнға көшірілді. 

Жылғалармен жылжып аққан аққан жаңбыр суының деңгейі 40 сантимерге дейін жеткен. Түнгі уақытта жедел штаб құрылып, 300-ге жуық құтқарушы оқиға орнына жұмылдырылды. Сондай-ақ, 22 мотопомпа мен 60-қа жуық техника тартылған. Олар үйлердің ауласындағы суды Талас өзеніне бұрған. Ол үшін бір жарым шақырымдық дренаж қазылды. Селден зардап шеккендер жоқ. Ал арнайы құрылған комиссия дүние-мүлікке келген шығынды есептеуде. Мамандар қазір қауіп сейілгенін айтады. Сондықтан ауыл мектебіндегі сабақ ертең қайта жалғаспақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде