{metadescription}
Ақтөбе облысы: Уақытша баспана
Ақтөбе облысы: Уақытша баспана

Ақтөбе облысы: Уақытша баспана

Ақтөбе облысында қарғын су басқан Құмсай ауылының тұрғындары уақытша баспанамен қамтылды. Темір ауданына қарасты бұл елдімекенге 31 вагон жеткізілген.

Осыдан екі апта бұрын Құмсай ауылын су басып қалған еді. Сондағы қырық шаңырақ пен бір шаруа қожалығы көлкіген суда қалды. 27 үй қирап, адам тұруға мүлдем жарамсыз болып қалған. Жаңа баспана салынғанша мұнда вагон-контейнерлер әкелінді. Ішінде жарығы мен жылуы, төрт адамдық жиналмалы керуерттері бар. Тұрғындар тентіреп эвакуация орталықтарында жүргеннен, өз ауылымызға оралғанымыз жақсы болды деп қуанып отыр. Аман қалған төрт түлігін қарап, жарамды дүниелерін іріктеп жүр. Құлаған үйлері мен қора-қопсының зерттеу актісі жасалған. Олардың бағалау актісі де жүргізілген. Енді жаңа тұрғызылатын шаңырақтарының ауылдың қай тұсынан салынатынын анықтау үшін арнайы мамандардың қорытындысын күтіп отыр.

Мейрамгүл Баймағамбетова, Құмсай аулының тұрғыны:

Шүкіршілік етеміз. Бәріміз аманбыз, малымызды уақтылы шығарып үлгердік. Басында уақытша кішкене жүрдік. Тумаларымыздың үйінде. Сосын осындай вагон жеткізіп берді. Халықтың сұрауымен. Далада әркімнің үйінде жүрген жоқпыз. Оған да шүкіршілік етеміз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде