Маңғыстау облысына көмек келді
Маңғыстауға мемлекеттік материалдық резерв тауарлары келді. 14 вагонға тиелген керек-жарақ Атырау облысынан эвуакацияланған тұрғындарға таратылмақ.
Автор: Әйгерім Ашықбаева
17.04.2024
Бүгін теміржол арқылы жеткізілген көмек Мұнайлы ауданындағы индустриалды парк аумағына түсірілді. Вагонға тиелген кереует, төсек-жабдықтар мен азық-түлікті сарбаздар мен еріктілер тасыды.
Айта кетейік, қазір Маңғыстауда 18 мыңға жуық атыраулық орналасқан. Тұрғындар мектептер мен жатақханаларда және қонақ үйлерде тұрып жатыр. Оларға осы уақытқа дейін жергілікті тұрғындардан жиналған гуманитарлық көмек үлестірілген болатын. Енді мемлекеттік резервтен келген 240 тонна азық-түлік пен керек-жарақ берілмек.
Пікір Сансызбаев, Маңғыстау облысы Кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары:
— 180 тонна 1-ші сортты ұн өнімдері, 4 тонна макарон, 12 тоннадан астам қарақұмық жармасы және өзге де тауарлар. Бұл тауарлар эвуакациялық пункттен қабылданған өзге облыстан келген тұрғындарға арналған. Жалпы облыста тауар айнылымы 8 мың тоннадан асады. Бұл тұрақтылық бес күн мен 56 күннің арасындағы қажет тамақпен қамтамасыз етілген. Бұл тұрақты жағдай.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары