{metadescription}
Бөгеттер әкімдікке берілсін
Бөгеттер әкімдікке берілсін

Бөгеттер әкімдікке берілсін

«Су тасқынынан бүлінген саяжайларды да тұрғын үй деп танып, олардың иесіне толыққанды өтемақы төлеу керек». Бүгін Мәжілісте Үкімет басшысының атына осындай депутаттық сауал жолданды.

Асқар Садықов, Мәжіліс депутаты:

 Бау-бақша ұжымдарында тұратын адамдардың мәселесін тездетіп шешуіміз керек. Мемлекет өз уақытында бұл кісілерге саяжай учаскелерінде тіркеліп, өмір сүруге рұқсат берді. Ал қазір ол үйлерді тұрғын үй ретінде танудан бас тартып отыр. Бұларға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша төленетіні айтылып жатыр, егер бұл оның жалғыз тұрағы болса, балама баспана ұсынылады. Сөйте тұра, әкімдіктер алдымен демеуші іздеу керек дейді. Батыс Қазақстан облысындағы тұрғындар бұл жағдайға наразы.

Депутат Ерлан Сайыровтың да премьер-министрге бірнеше ұсынысы бар. Айтуынша, ауыл-аймақтардағы инфрақұрылым, халық шаруашылығын ұтымды реттеу үшін бізге децентрализация қажет. Бөгет, тоған, ирригация жүйелерін салу мен жөндеуді әкімдіктерге тапсыру керек дейді депутат. Қазір бұл мүліктің бәрі, тіпті ең шалғай ауылдағы бөгеттер «ҚазСуШаруашылығының» балансында. Ал олардың аудандық деңгейде бұл шаруаны жүргізуге шамасы жетпейді. «Техникасы да, мамандары да жоқ» - дейді Сайыров. Шығынды есептеп жатқан комиссия жұмысын да мәжілісмендердің көңілінен шықпай отыр. 

Ринат Зайытов, Мәжіліс депутаты:

  Апат салдарынан зардап шеккен халық өз шығынының қалай есептеліп, қалай өтелетінін әлі де толық білмейді. Өйткені шаралардың нақты алгоритмі жасалмаған. Комиссия қалай құрылып, қалай жұмыс жасайтыны жайлы халыққа дұрыс хабарланбаған. Сол себептен комиссия жұмысын жеңілдетіп, халықпен тікелей байланыстыру мақсатында оның құрамына, ел сеніміне ие болған жергілікті белсенді азаматтарды қосу керек деп есептейміз. Үшіншіден, елдің еңсесін көтеру үшін апат болған аймақтардың тұрғындарына несие төлеу жеңілдіктерін, салық пен кейбір заңнамаларда қарастырылған шектеулерге қатысты уақытша жеңілдіктер қарастыру сұралады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде