Орал: Қызыл су
Батыс Қазақстан облысында 100 шақырымға жуық дамба салынды. Бөгеттер елдімекендерді қызыл судан қорғау үшін тұрғызылған. Себебі Жайықтағы су әлі көтеріліп жатыр. Соңғы тәулік ішінде шекарадағы гидробекетте су деңгейі 13 сантимтерге жоғарылапты.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
17.04.2024
Жергілікті «Казгидрометттің» болжамы бойынша тасқынның шарықтау шегі 22 сәуірге белгіленіп отыр. Алғашында өзен суы 10 мерге көтеріледі десе, қазір жылғаларға жайылып, 9 жарым метрден төмен болады деген болжам айтылуда. Дегенмен мұның өзі аса қауіпті. Сондықтан қаланы қорғаудың кешенді жұмыстары жалғасып жатыр.
Облыс бойынша 100 шақырымнан астам дамба салынды. Бөгеттер су ең бірінші кіретін қаланың ең төмен жерлерін қорғауы тиіс. Жүк көліктері күні түні топырақ тасып, бөгеттерді бекітіп жатыр. Оралды қорғауға еліміздің жеті облысынан келген қол күші мен техникалар жұмылдырылған.
Азамат Халелов, Орал ТҮКШ және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:
— Қазірдің өзінде 700-800 ге жуық әскери құрам жұмыс жасап жатыр. Барлық обьектілер бойынша. Техника саны 500-ге жетті. Оның басым бөлігі басқа өңірлерден келген техника. Халық бұл жерде бірге болып, еріктілер құрамымен бірге айналысып жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!