Мопед: Жауапкершілігі бірдей
Мопед те автокөлік сияқты мемлекеттік тіркеуден өтеді. Оны тізгендеген адамның да, сәйкесінше, жүргізушілік куәлігі болуы керек. Осындай өзгеріс енген заңды бүгін Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. «Бұл мәжбүрлі шара» - дейді депутаттар. Себебі елде мопедтің кесірінен болатын жол апаттары соңғы жылы төрт есе көбейіпті. Бірақ сол көлік түрін тіркеуге қатысты мәжілісмендердің өзінде сұрақ көп.
Автор: Гүлвира Сейтенова
17.04.2024
Анас Баққожаев, Мәжіліс депутаты:
— Малды мопедпен, мотоциклмен бағатын болды. Себебі мопедтің де, мотоциклдің де бағасы мініс аттан арзан, қолжетімді. Мопедтен төнетін қауіпті аттан да алуға болады. Бірақ атқа құжат сұрамаймыз ғой, ешқандай. Сондықтан ауылда, мал шаруашығылында қиын, бұны жүргізген қымбат. Сондықтан ешқандай тас жолға шықпай, өзімен-өзі мал бағып отырған азаматтарға осы мопед пен мотоциклге бір ерекше шарттар жасау керек шығар.
«Мопедті тіркеу соншалықты қымбат емес, шамамен 900 теңге, сондықтан ешқандай қиындық көріп тұрған жоқпын» - деп жауап берді ішкі істер вице-министрі. Заңдағы өзгерістер қатарында күндіз қалада автокөлік шамын жақпағаны үшін салынатын айыппұлды алып тастау бар.
Ал жолда жүруге рұқсат етілген жылдамдықты 60 және одан да жоғары асырғаны үшін 150 мың теңгедей айыппұл салу көзделіп отыр. Мәжілісмен Николай Арсютин көпшіліктің сұрауы деп, ешкімге зияны тимесе, көлікті мас күйінде айдағаны үшін 7 жылға жүргізушілік куәлігінен айыру жазасын ірі айыппұлмен ауыстыру туралы ұсынып еді. Ішкі істер министрінің орынбасары оған мас жүргізушілердің кесірінен болатын жол апатын мысалға келітірді.
Игорь Лепеха, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:
— Жыл сайын елімізде мас жүргізушілердің кінәсінен 500-ге жуық жол апаты болады. 100 шақты адам қайтыс болып, 600 адам түрлі жарақат алады. Менің ойымша, қазіргі жаза түрі адекватты және оны осы күйінде қалдыру керек. Ішкен адам рөлге отырса, оған қандай жаза кесілетіні маңызды емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!