{metadescription}
0:000:00
Ақтөбе: Қайырымсыз қор

Ақтөбе: Қайырымсыз қор

Ақтөбеде мүгедек балаларға арналған қордың ақшасына басшылары қол салған. Емдеу үшін елден ақша жинап, артынан ерекше балалардың ата-аналарын алдап кетіпті. Шетелге апарып емдетпек түгілі, түрлі сылтау айтумен жүрген.

Темірхан Арун, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Алматыда 11 химия терапиясынан өттік. Одан Мәскеуде өттік. Содан былтыр қыркүйек айында «Море лайфқа» хабарласып, көмек сұрадық, осылай баламызды шетелге апаруға деген. Біз бес күнде 5 млн жинап тапсырдық. Ол ақшаның тек бізге жұмсағаны 230 мың теңге. Астанаға барып-келуге жұмсалды. Қалған ақшаның бір теңгесін де қайтарған жоқ.

Баласының еміне дауа іздегендер енді құзырлы органдардан көмек сұрап жүр. Қайырымдылық қоры олардың ұл-қызын алыс шет мемлекеттердің медициналық орталықтарына апарамыз деп сендірген. Тек ата-аналардан видео үндеу жаздырып, балаларды суретке түсіріп алады. Ең қызығы, ақшаны мүгедек баланың отбасы өзі жинап, оны қолма-қол қорға 5 миллионға толғанда беріп отырады. Ақыры шетелдегі ем де жоқ, ақша да жоқ, алдап кетеді. Қазір қайырымдылық қорға қатысты алты ата-ана арыз жазған. Қор басшысы қамауға алынды. Келтірген шығын 30 миллион теңге. Құзырлы органдағылар зардап шеккендер одан да көп болуы мүмкін дейді.

Нұрлан Қалдығожин, Ақтөбе қаласы прокурорының орынбасары:

Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сонымен қатар кеше , яғни 16 сәуір күні осы қайырымдылық қордың жетекшісі Қылмыстық процестік кодекстің 128 бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешілуде.

 

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде